Ғылымның әр түрлі салаларындағы мәселелерді шешіп, жаңалықтар ашып жатқан жас зерттеуші - болашақ ғалымдарымыз 3 "Ә" сынып оқушылары Мэлс Әкімхан, Баймағамбет Әділхан, Досов Санжар, Жанболатов Алдиярды ғылыми жетекшілері бастауыш сынып мұғалімі, педагог - зерттеуші Ассанова Жанат Темирбулатқызымен "Ертіс" телеарнасындағы "Жаңа күн" бағдарламасының тікелей эфиріне қонақ ретінде шақырылды. Каланхое мен алоедан үй жағдайында қалай жақпа дайындауға болатыны туралы Алдияр, "Ғабдул - Уахит" хазірет кесенесіне туристік кешенді маршруттар құрастырған Әкімхан, Қазакстанда алғаш рет биокөмірді эксперимент арқылы тексерген Әділхан, өзен - көлдерді тазарту құралын - аквароботты жасаған Санжар сұхбат беріп, жұмыстары жөнінде көрермендерге баяндаған.
https://www.instagram.com/p/CpCe__jAkuq/
https://www.instagram.com/p/CpCelgVAvPz/
https://www.instagram.com/p/CpCfSwJA93L/