Ғылым саласына қосқан үлестері үшін Республикалық деңгейде танымал болған оқушыларымыз
Бүгін 23.02.2023 жылы республикалық "Таңшолпан" бағдарламасында дарынды балаларға арналған 8 лицей-мектебінің 3 "ә" сынып оқушыларының Досов Санжар, Баймағамбет Әділхан, Жанболатов Алдиярдың облыс деңгейінде экология - валеология, биология, медицина секциялары бойынша жеңімпаз атанған оқушыларымыздың ғылыми зерттеу жұмыстары жарық көрді. Оқушылар ғылыми жетекшілері - бастауыш сынып мұғалімі, педагог - зерттеуші Ассанова Жанат Темирбулатовнамен әр салада жаңалық ашып, өздерінің зерттеу жұмыстарымен республика деңгейінде танымал болып жатыр. Алдияр, Санжар, Әділхан облыстық кезеңінен топ жарып, жеңімпаз атанып, 15-18 наурыз аралығында өтетін Зерде республикалық ғылыми жобалар сайысында облыс намысын қорғауға барады. Оқушыларға сәттілік пен ақ жол тілейміз!
https://www.instagram.com/p/CpCedUOAqnJ/