Логотип Наурыз
     ИННОВАЦИЯЛЫҚ
            ЖОБАЛАР
 
           4
 
            66
 
 
                       
  Қазақстан Республикасының
  
                     c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111
 
        6d4f43c33e505889325afe1be42847f0 original.177139
               Хабарландыру
                812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410 1
                   Вакансия 
                new logo
                      ББДИО
 
            Сенім телефоны
                     
 

Ғылым көкжиектерді ашады!
2022 жылғы 31 қазанда физика пәнінің мұғалімі Мендыбаев Жасулан Габитович және № 8 лицей - мектебінің 10 "Б" сынып оқушылары, "Торайғыр оқулары" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталған, Колдашева Амелия мен Тимошенко Анастасия "Ертіс" телеарнасының сұхбатына шақырылды.
Оқушылар конференция жұмысы туралы өз әсерлерімен бөлісті, "Топырақтың тұздану (электр өткізгіштік) деңгейін қашықтықтан анықтау әдістемесін сынақтан өткізу" тақырыбы бойынша отырыстың пленарлық бөлімінде сөз сөйлеу тәжірибесі туралы және лицейде көптеген жылдар бойы ғылыми жобаларды әзірлеумен табысты айналысып келе жатқан ұстазы В.А. Кожокар туралы айтты. Жасулан Габитович 2022 жылдан бастап № 8 лицейде жұмыс істейді және "Жоғары оқу орны мен мектепте "Термодинамика" бөлімін зерделеу барысында жаратылыстану – ғылыми функционалдық сауаттылықты қалыптастыру" тақырыбы бойынша сөйлеген сөзі үшін халықаралық конференцияда 1 дәрежелі дипломға ие.