2022 жылғы 7 желтоқсанда Торайғыров университетінде (ToU) ҰБТ пәндері бойынша 11-сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың қорытындысын шығару салтанатты рәсімі өтті. Павлодар қаласының "Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі" ММ 11 сынып оқушылары Олимпиаданың екі кезеңінен сәтті өтті.
Абитова Камила олимпиаданың жеңімпазы атанды және "Сәулет" және "Дизайн" шығармашылық пәндері бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. Камилаға ToU-да оқуға грант берілді (100%).
Олимпиада жүлдегері Никита Бычковский болды. Ол "География" пәні бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. Никитаға 1-ші оқу жылында 30% жеңілдік сертификаты берілді.
Камила мен Никитаны олимпиадалық жеңісімен құттықтаймыз!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны