Баку қаласында (Әзірбайжан) жасөспірімдер арасында жаратылыстану-математика ғылымдары бойынша «Таланттарды даярлау зертханасы» халықаралық олимпиадасы аяқталды. Олимпиадада Қазақстан Республикасын мамандандырылған мектептердің үш оқушысынан құралған команда қорғады. Командаға Павлодар облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған N8 лицей-мектебі» КММ 9 Б сынып оқушысы Бектұрсын Дәрия енді. Олимпиада қорытындысы бойынша Дария күміс медальмен марапатталды. Дәрия мен мұғалімдер Стадникова Лилия Викторовнаны, Молокова Ирина Николаевнаны, Билида Анатолий Николаевичті жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны