Ұлыстын Ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлау “Сәлемдесу күнінен” басталды. Бұл күні лицей мұғалімдері мен оқушылары Жас дарын мамандандырылған лицейі ұйымдастырған “Baursak Fest” тамашалап, бауырсақтың оннан астам түрі бар екені туралы ақпарат алды. Үлкендер бастаған топ көрісу күнімен құттықтап, оқушылар ән айтып, би билеп, әжелер кеңесі ұйымдастырған қазақтың ұлттық тағамы бесбармақтан, бауырсақ, қымыз, қоспадан дән татып, жақсы көңіл-күймен мектепке оралды. Біздің лицей Жас дарын мектебі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия
делегация құрамынындағы жас ақындарды, әншілерді, спортшыларды, күйшілерді, дарынды балалар мен ұстаздар қауымын қарсы алды. Лицейде ән шырқалып, атамыз бата беріп, шашу шашылды.
Келген қонақтармен керемет көңіл-күйде “Асық ату”, “Бес тас”, “Мерген”, “Итеріспек”т.б. ұлттық ойындар ойналып, ақ дастарқан басында ән шырқалды. Көрісу күні Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназиясында жалғасын тапты. Гимназия келген қонақтарды ән шашумен қарсы алып, “Кәусар бұлақ” ата- әжелер кеңесі ұйымдастырған ақ дастарқанда жалғасты. Бүгінгі “ Сәлемдесу күні” оқушылар үшін өте мағыналы, маңызды, үлкен тәрбиелік мәні бар күн болды. Өскелең жас ұрпаққа салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрыптарымызды айтып, көрсету біздің борышымыз. Бұл игі істің бастауы ұзағынан болсын!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР


Хабарландыру


Сенім телефоны
