Раушангүл - естелікке
Лицейде 10 мамыр күні «Раушангүл - естелікке» атты экологиялық жобаның салтанатты ашылуы болды. Лицей түлектері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жоба аясында «Түлектердің ағаш егуі» атты ЭКО - челленджін қолдап, орталық гүлзарға раушангүлдерін екті. Балалардың өз қолдарымен еккен гүлдері естерінде мәңгілік қалатыны сөзсіз. Болашақта раушангүлдер гүлдеп, түлектер туралы естелік болмақ, сонымен қатар түлектер де лицейге келгенде өздері еккен өсімдіктерін көріп қуанар. Бұл қызық пен ерекше мейірімділікке толы, ең бастысы маңызды шара болды. Бұл жоба тек қана қоғамдық маңызы бар, пайдалы жұмыс, оқушылардың мектеп ауласын көркейтуге қосқан үлесі емес, балалардың ер жеткенінің, ұрпақтар сабақтастығының символы, лицей тарихында өз ізін қалдыру мүмкіндігі және де болашақ лицеистерге өсиет боларлық шара.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны