Снимок экрана 2024 04 24 134957
     ИННОВАЦИЯЛЫҚ
            ЖОБАЛАР
 
           4
 
            66
 
 
                       
  Қазақстан Республикасының
  
                     c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111
 
        6d4f43c33e505889325afe1be42847f0 original.177139
               Хабарландыру
                812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410 1
                   Вакансия 
                new logo
                      ББДИО
 
            Сенім телефоны
                     
 

2024 05 25 005348

https://www.instagram.com/p/C7VpHTnyjfr/

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!

Сіздерді биылғы оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы айтулы оқиғаны алғаш рет «Білімім – Отаныма» тақырыбында жаңа бірыңғай форматта атап өтеміз.

Бұл – бір жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, мұғалімдерге, мектеп ұжымына, ата-аналарыңызға алғыс айтуға болатын таптырмас себеп. Өйткені, сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі!

Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда Сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер.

Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 - алтын, 95 – күміс, 128 – қола медаль бар.

Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін!

Құрметті педагогтер!

Биылғы көктем әсіресе батыс және солтүстік өңірлердегі әріптестерімізге ауыртпашылық ала келді. 26 мыңнан астам білім беру қызметкерлері су тасқынына қарсы күресте алдыңғы қатарда болды. Қиындықтарға мойынсұнбай, балаларымызды оқытуды жалғастырдыңыздар, мектептерді құтқарып, мұқтаж жандарға қолдау көрсеттіңіздер және ағартушылық миссияны адал атқардыңыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен ұстаздық кәсіпке адалдықтарыңыз үшін ең шынайы ризашылығымды білдіремін!

Құрметті түлектер!

Сіздер өмірдің жаңа, жауапты кезеңіне аяқ басқалы тұрсыздар және бұл сіздер үшін ғана емес, бәріміз үшін – ата-аналар, мұғалімдер, тәлімгерлер үшін де жан тебірентер сәт.

Биыл 186 мың мектеп түлегі аттестат алса, 150 мыңнан астам колледж бітіруші диплом иеленіп, толыққанды маман болады.

Осы жас буын мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық мүмкіндікті пайдаланып, еліміздің өсіп-өркендеуіне барынша атсалысады деп сенемін!

Сіздерге ақ жол тілеймін!