Павлодар облысының жас мұғалімдеріне арналған «Жастар-елдің үміті» атты өсу баспалдақтары:
2024 жылдың19 сәуірінде № 8 лицей базасында 1-3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас мұғалімдер арасында педагогикалық - қашықтық "Жастар -елдің аманаты" атты IV «Жаратылыстану-математикалық пәндер бағытындағы тәжірибелік лаборатория» олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Павлодар облысының 277 жас мұғалімі қатысты: мемлекеттік тілде - 141, орыс тілінде - 136.
Олимпиада қорытындысы бойынша 4 педагог 1 дәрежелі дипломдармен марапатталды; 2-дәрежелі дипломдармен - 13;
3 дәрежелі дипломмен - 40, оның ішінде 18 педагог мемлекеттік тілде оқитын мектептерден. Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттар алды. Жас мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан өсуі және жыл сайынғы лицей олимпиадасына қатысу бастамасын қолдаған мектеп директорларына алғыс айтамыз.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны