2024 жылдың 27 наурызында облыстық білім басқармасының Ақпараттық технологиялар орталығы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орайластырылған 5-9 сынып оқушылары арасында бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өткізді.
Аталған олимпиада оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік бағдарламалау және ақпараттық технологиялар саласындағы ең талантты жастарды анықтау мақсатында өткізіледі.
Облыстық олимпиада екі кезең бойынша өтті. ІІ қорытынды кезеңде 62 оқушы қатысты
Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды дарынды балаларға арналған № 8 лицей - мектебінің 6 Б сынып оқушысы Ерболат Шәріпхан жеңіп алды, информатика пәнінің мұғалімі Татьяна Федоровна Медведева.
II орын - дарынды балаларға арналған № 8 лицей - мектебінің 8 А сынып оқушысы Платон Курсаков, информатика пәнінің мұғалімі Светлана Геннадьевна Васина.
«Тапқыр оқушы» номинациясына дарынды балаларға арналған № 8 лицей - мектебінің 9 Б сынып оқушысы Әлкей Хамитов және Илана Чашкина иеленді,информатика пәнінің мұғалімі Светлана Геннадьевна Васина...
Олипиаданың салтанатты түрде жабылу рәсімінде қатысушылар орталықтың серификаттарымен,жүлдегерлер мен жеңімпаздар білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.
Жас бағдарламалаушылар мен мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!

ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР


Хабарландыру


Сенім телефоны
