Снимок экрана 2024 04 24 134957
     ИННОВАЦИЯЛЫҚ
            ЖОБАЛАР
 
           4
 
            66
 
 
                       
  Қазақстан Республикасының
  
                     c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111
 
        6d4f43c33e505889325afe1be42847f0 original.177139
               Хабарландыру
                812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410 1
                   Вакансия 
                new logo
                      ББДИО
 
            Сенім телефоны
 
                     Screenshot 3
 

2024 05 21 000300

Міне, жасөспірімдік жас осындай...
Лицей Ата-аналардың Инновациялық Академиясының жоспарлы жұмысын осы оқу жылында аяқтады. Жаңа жылда педагогикалық ұжым отбасылық тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша ата-аналармен қызықты танымдық кездесулер өткізеді.
Қорытынды сабақтар 16 мамырда өтті, онда жасөспірімдермен қарым-қатынас мәселелері қаралды. Сабақтарды А.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің мамандары Берік Айтбайұлы Матаев философия ғылымдарының докторы, профессор және Арсланбек Ерболатұлы Мұхаметқайыров педагогика ғылымдарының магистрі, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты жүргізді. Сабақтар өте қызықты өтті! Ата-аналар дәріс тыңдап қана қоймай, белсенді қатысушылар болды, өз проблемаларымен бөлісіп, ұсыныстарын тыңдады. Ата-аналардың бірде көңілді,бірде мұңлы көңіл күйлерін көру әсерлі де,қызықты болды.
Ата-аналар командаларының кездесуі 7 в сыныбында Не? Қайда? Қашан? ойыны форматында өтті.Мұндай кездесулер ата-аналардың балалармен қарым-қатынасын нығайтады. Дәл осындай дәстүрлі емес форматта өткізуді ата-аналардың өзі ұсынды.
10 сынып ата-аналары мен балалардың кездесуі дебат түрінде өтті.Қарым-қатынас өте жайлы атмосферада өтті.
Барлығы бір-бірінің көзқарасын түсініп,ойын түрінде ,маңызды болған сұрақтарға көңілді де қызықты түрде жауап берді.Балалармен тығыз қарым-қатынас жасау нәтижесінде ,олардың басқа қырларын да байқауға болады.Лицейдің Ата-аналар Инновациялық Академиясы барлық отбасыларға бақыт пен береке-бірлік тілейді!