Мейірімділік марафоны!
Бірлік, ынтымақтастық, қайырымдылық - қазақ халқының бас құндылықтары.
Наурыз мерекесінің жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында лицейде "Балалар - балаларға" атты дәстүрлі марафон өткізілді. Бұл іс ұлттық дәстүрлерді жаңарту мен өскелең ұрпаққа қайырымдылық, бауырмалдық, қол ұшын беріп, көмек көрсету қасиеттерін тәрбиелеу мүмкіндігі. Болашағымыз қазіргі істерге байланысты.
Лицейдің Қамқорлық кеңесіне, барлық ата-аналарға жылы жүректері үшін, белсенді өмірлік ұстанымы үшін, қолдау жасағандарына шексіз алғыс айтамыз! Бүгін біз қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдайтын Аймақтық орталығының балаларына сыйлық тартып, құттықтадық. Мереке барлық балаларда болу керек! Басты мақсатымыз - жүрегіміздің жылуымен бөлісіп, балаларға жарқын мерекелік көңіл-күй сыйлау. Әлемде мейірімді, жүрегі жұмсақ, көмек көрсетуге әзір адамдар көпшілік деп сенеміз. "Балалар - балаларға" атты жоба арқылы көмегіміз қажет адамдардың бар екенін білеміз. Бұндай игі істер әрқайсымыздың қолымыздан келеді!
![Снимок экрана 2024 04 24 134957](/images/2024/Снимок_экрана_2024-04-24_134957.jpg)
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
![c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111](/images/history/c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167_original.61111.png)
![6d4f43c33e505889325afe1be42847f0 original.177139](/images/history/6d4f43c33e505889325afe1be42847f0_original.177139.jpg)
Хабарландыру
![812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410 1](/images/history/812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410_1.jpg)
![new logo](/images/new_logo.png)
Сенім телефоны
![](http://1.astana-bilim.kz/files/sites/1383501107392313/files/%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B0%D1%82%D0%BD%D1%8B%D0%B9%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BD%D0%B8%D1%80/3r34.jpg)