Математиканың пәндік апталығын өткізу аясында «Ойлан,тап!» сайысы жарияланады. 15 қаңтардан 26 қаңтарға дейін барлық математика кабинеттерінде жаңа қызықты ребустар мен логикалық тапсырмалар орналастырылады. Ребустар математиканы үйрену үшін, ойлау мен шығармашылықты дамытуға көмектесетіні анық. Барлық лицей оқушыларын сайысқа белсенді қатысуға шақырамыз.Қатысушы ребусты анықтап, логикалық тапсырманы шешуі қажет.Содан кейін берілген QR-кодты параққа сканерлеп, жауаптарды Google формасына жазу қажет. «Ойлан,тап!» байқауының нәтижелері 26 қаңтарда инстаграм бетінде жарияланады. Математикалық логикаңыз бен біліміңізді тексеріңіз!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны