13-18 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтеді. Олимпиадада «Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицей» КММ 12 пән бойынша 55 оқушыдан тұратын команда өнер көрсетеді.
10 ақпан күні лицейдің мәжіліс залында облыстық олимпиадаға қатысушылар мен мұғалімдердің кездесуі өтті. No8 мектеп-лицейінің меңгерушісі Бабыкова Г.К. олимпиаданың ережелері туралы, әрбір қатысушы сақтауы тиіс академиялық адалдық принциптері туралы айтты.
Гауһар Қабдырқызы оқушыларға жылы лебізін білдіріп, лицей оқушыларына сәттілік тіледі.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР


Хабарландыру


Сенім телефоны
