2023 жылдың 16 ақпан күні “Дарынды ұл балаларға “БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ” лицей-интернаты” КММ-нің ұйымдастыруымен, Павлодар облысының мамандандырылған білім беру ұйымдарының 6-7 сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен “Brain Rain” зияткерлік сайысы өтті. Зияткерлік сайыстың мақсаты оқушылардың ой-өрісін талдау, ізденімпаздық әрекетін дамыту, зияткерлік, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Лицей атынан 6-7 сынып оқушылары Стамкулова Анастасия,
Мякота Милена,
Чашкина Илана,
Казакова Алиса,
Бекболатқызы Бинұр,
Дремина Вероника қатысты. Зияткерлік сайыстың 6 раунд сынағынан командамыз абыроймен өтіп, жүлделі 2 орынға ие болды. Ұстаздары: Бегенаева Г.К., Мнайдарова М.С., Жакиенова Ө.А.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны