4-20 желтоқсан аралығында лицей оқушылары Қазақстандағы «Код сағаты» жаһандық акциясына қатысты. «Код сағаты» - жыл сайын бүкіл әлемде IT алаңдарында миллиондаған балаларды біріктіретін дәстүрлі шара. Бірнеше апта бойы балалар ІТ-технологиялардың қазіргі заманғы даму үрдістерімен танысады және өздерін код жазуда сынап көреді. Биыл балалар жасанды интеллектті дамытудың түрлі бағыттарымен танысты. Сурет салатын, мәтін жазатын және сөйлейтін нейрондық желілермен «Достасты». Акцияға барлығы 4-11 сыныптардың 650 оқушысы қатысты. Оқудан өткен соң барлық қатысушылар сертификаттар алды. Бірақ ең құндысы балалардың информатиканы үйренуге және бағдарламалауға қызығушылығын арттыру мен тәжірибе алу болды.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны