8 қаңтарда Алматы қаласында Республикалық физика-математика мектебінің базасында Халықаралық Жәутіков олимпиадасының ашылуы өтті. Олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сияқты 15 елден 85 команда қатысады.
Халықаралық Жәутіков олимпиадасында Павлодар облысын Павлодар облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей - мектебі» КММ-нің жеті оқушысынан құралған команда таныстырады. Команданың құрамына 11 В сыныбының оқушылары Владимир Роговский, Амир Ильясов, Анастасия Одинцова (математика), Ануар Ораз, 9 Б сыныбының оқушысы Иван Рудик (физика), 10 В сыныбының оқушысы Владислав Бурлак, 8 А сыныбының оқушысы Анастасия Григораш (информатика) енді.
Команда жетекшілері Лилия Викторовна Стадникова мен Александр Николаевич Захаров.
Лицейстерімізге сәттілік тілейміз!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны