Анталия қаласында (Түркия) 40-шы Балқан математикалық олимпиадасы аяқталды. Олимпиадаға Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ елдерден 130-дан астам қатысушы қатысты.
Қазақстан атынан 6 оқушы қатысты. Олардың барлығы оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған республикалық олимпиадалық құраманың мүшелері.
Қазақстан құрамасына Павлодар облысы білім беру басқармасының "Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі" КММ 10 сынып оқушысы Роговский Владимир кірді.
Лицеист математикалық теорияны білудің, күрделі есептерді шешудің жоғары деңгейін көрсетті.
Балқан математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Роговский Владимир қола медальмен марапатталды.
Владимир мен математика мұғалімі Стадникова Лилия Викторовнаны жеңісімен құттықтаймыз!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны