2024 жылдың 15 ақпанында Торайғыр Университет өкілдері Павлодар облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі" КММ 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Бүгінгі таңда университет еліміздің үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының ішінде бесінші орында, Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы бірқатар құрметті марапаттардың иегері болып табылады.
Іс-шара барысында оқушыларға университеттің негізгі трендтерін, оның мамандықтарын факультеттер бойынша бөле отырып ашатын бейнефильм көрсетілді. Тұсаукесер аясында оқушылар ЖОО мамандықтары және жұмысқа орналасудың келешегі бойынша кеңес алды.