ЭтноСпорт - біріктіреді!
Ұлттық ойындар әр халықтың болмысы салт-дәстүрін көрсетеді. Қазақ ұлттық жарыстары өмірге деген сүйіспеншіліктің, салауатты өмір салтының, табиғатпен бірлігінің көрсеткіші. Сондықтан, 20 наурыз - спорт күні лицейде достық пен жақсы көңіл-күймен қызықты болып өтті. Ауқымды спорттық шара - ЭтноФестивальге барлық лицеистер мен педагогтар ұжымы жиналған. Лицейдің барлық алаңдарында балаларға әртүрлі ойындар ұйымдастырылды: тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, арқан тарту, гір көтеру мен армрестлинг, бес тас пен бәйге, тымақ ұру және өзге ойындар.
Спорт күні - көпшілікке арналған ежелгі дәстүр, Наурыз мерекесіндегі әртүрлі ойын-сауық түрлері. Ұлттық ойындарға арналған спорттық шаралар лицейдің дәстүрлеріне айналды. Осындай спорттық шаралар арқылы жас ұрпақ моделінің қалыптасуына кәміл сенеміз. Денесі мықты, белсенді азаматтық ұстанымы бар, шығармашылығы дамыған, өзін өзі таныған адам әлеуметтік рухани құндылықтарға ие болуда. Тарихқа шомыған балалар қатты эмоцияға беріліп, өз халқының мәдениетін танып, өткен тарихын сыйлайды.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР


Хабарландыру


Сенім телефоны
