Біздің Эко бастамалар!
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауы аяқталды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам оқушы қатысты. Павлодар облысынан келген команда құрамына облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша лицейдің 4 оқушысы енді, олар республикалық қазылар алқасына өздерінің экологиялық мәселені зерттеудің баламалы шешімдері мен экологиялық жобалары - табиғи ресурстарды, қоршаған ортаны сақтау бойынша экологиялық мәселенің баламалы шешімін ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша лицей оқушыларының екі жобасы үздік атанды:
Әкімхан Мэлс - 2 орын
Эвелина Бурцева - 2 орын.
Лицей оқушыларының жеңісі кезекті рет лицейде «жасыл күн тәртібіне», қоршаған ортаны қорғауға және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетке қаншалықты мән беретінін көрсетеді.
Байқау жоғары деңгейде өтті. Біздің оқушылардың жеңісі өте маңызды.
Жоба жетекшілері Жаннат
Темірболатқызы Асанованы, Мунира Эркинқызы Ахмедованы және балаларды республикалық байқаудағы жеңістерімен құттықтаймыз!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны