Бұл мақала газеттің басты бетінде жарық көрді.
Алматыда өткен чемпионатта латвиялық шахматшы, гроссмейстер, FIDE вице-президенті Дана Рейзниеце-Озола Павлодар, Алматы, Астанадан келген 24 баламен бір уақыттағы ойын сеансын өткізді. Сол 24 баланың ішінен 2 бала төрт дүркін әлем чемпионы Дана Рейзниеце-Озоланы жеңді, соның бірі- біздің Сулейман.
Сулейман сұхбатта өзінің шахматпен айналысу жолындағы ойларымен бөлісіп, жеңіске жету жолындағы жетістікке итермелейтін басты күш - ата-анасының сенімі мен қолдауы екенін баса айтып кетті. Сулейманның анасы жетістікке жету кепілі - алдына мақсат қою және соған жету жолында талмай еңбектену екенін айта келе, "баламызды ақшамен, бағалы сыйлықпен қызықтырмаймыз, қандай жағдайда болса да ұлымызды қолдаймыз, "- деді.