2023 жылғы 20 қаңтарда Павлодар қаласының "Дарынды балаларға арналған №8 лицей -мектебі" ММ қабырғасында 9-11 сынып оқушылары арасында мектептік пікірсайыс турнирі өтті. Турнир барысында "талант" және "индивид", "ата-аналар" және "балалар", "бейбіт атом" және "қоғам" ұғымдарына арналған қарарлар бойынша елеулі зияткерлік күрес өтті, оның барысында балалар қазіргі қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша өз пікірлерін айта алды. Қорытындысы бойынша 26-30 қаңтарда облыс орталығының Оқушылар сарайында өтетін облыстық пікірсайыс турниріне қатысу үшін құрамында Гарипов Рауль мен Скорикова Мария бар лицеистер командасы құрылды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны