Бүгін Павлодар облысынын білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі» КММ-де 7-8 сынып оқушыларына арналған ақпараттық сағаты өтті. Онда: «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық», «Буллинг пен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық», «Қатыгездік, және оның зардаптары мен заң алдындағы жауапкершілігі», «Вейп және т.б. электронды шылым шегу және олардан тәуелділігі» деген сұрақтар терең қарастырылды. Бұл ақпараттық сағаттың спикерлері: Павлодар қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры Бейсембаева Әсем Бауыржанқызы, сонымен қатар Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Куликова Анна Александровна.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны