Директор
Бабыкова Гаухар Кабдыровна -
ұйымшыл, жұмысқа қабілетті ұжымды басқаратын шығармашыл директор. Мектептің мұғалімдері мен оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, лицей 2017-2018, 2018-2019 оқу жылдары республикада «Ең үздік олимпиадалық команда» атағына ие болған. Директор басқарып отырған білім беру мекеме озық педагогикалық тәжірибені енгізу мен тарату бойынша базалық болып табылады. Басшының жетекшілігімен жасалған мекеменің заманауи материалдық-техникалық базасы ұйымды басқаратын жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Мектеп кабинеттерінің мультимедиялық жабдықталуы оқу үдерісінде АКТ технологияларды пайдалануға, әр түрлі шығармашылық және пәндік республикалық, халықаралық конкурстар мен жобаларға қатысып, беделді нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді.
Гаухар Кабдыровнаның басшылығымен Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» ММ келесі жетістіктерге қол жеткізді: 2017 жылы – «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» республикалық конкурсының «Инновациялық мектеп – болашаққа бағдар» номинациясында диплом; 2018 жылы – ««Ең үздік олимпиадалық команда» атағы; «Білім беру мекемелерінің мемлекеттік тілде үздік сайты» облыстық конкурсында жүлделі орын (3); 2019 жылы – «Дарын» республикалық орталығының Құрмет грамотасы; «Қазақстан Республикасының үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» кубогы; Павлодар облысы әкімінің 50 000 000 миллион тенгелік гранты. 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі ҚР мамандандырылған мектептер рейтингісінде 3-ші орында.
Image
©Школа-лицей №8 для одаренных детей, 2010-2021