Информатика пәнінің мұғалімі, мұғалім-шебер С. Г. Васина сабақтарда және үй тапсырмасын орындау кезінде оқу платформаларын қалай қолдану керектігін іс жүзінде көрсетті. Жас мұғалімдер формативті және жиынтық жұмыстарды құрудың сандық құралдарымен, сондай - ақ офлайн және онлайн оқыту кезінде оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшалармен танысты. Бірлескен өнімді құру және топтық жұмысты ұйымдастыру үшін бұлтты технологияны қолданудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Бұл заманауи құрал оқушылардың бір уақытта бірнеше негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны