Республикалық Олимпты интеллектпен аламыз! 2023 жылдың 18 наурызында «Балдәурен» сауықтыру орталығында 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Байқауға №8 лицейдің 4 оқушысы қатысты – облыстық кезеңнің жеңімпаздары: Зигангиров Назар, Жанболатов Алдияр, Досов Санжар, Баймағамбетов Әділхан. Республикалық «Зерде» байқауының қорытындысы бойынша келесі дипломдармен марапатталды: Досов Санжар 3Ә сынып 2 дәрежелі диплом, Зигангиров Назар 4 А сынып 3 дәрежелі диплом; 3 Ә сынып оқушылары Баймағамбетов Әділхан мен Жанболатов Алдияр мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқушыларды Жанат Темірболатқызы Асанова мен Анна Сергеевна Лобанова дайындады.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны