Облыстың 53 үздік командасы, облыстық кезеңнің 106 қатысушысы үздік команда атағы және Республикалық ұлттық пікірсайыс турниріне қатысу құқығы үшін күресті. Ең мықты командалар арасында лицейдің екі командасы да қатысты:
- ағылшын лигасы: Егорченков Платон және Жилкибаева Адия,
- Орыс лигасы: Гарипов Рауль және Скорикова Мария. Жеңіске деген ерекше ерік-жігер мен табандылық танытып, мазмұнды ойын көрсете отырып, біздің лицеистер сенімді жеңіске жетті!
Турнир қорытындысы бойынша ағылшын лигасында Егорченков Платон және Жилкибаева Адия өздерінің керемет сендіру дағдылары мен үйлесімді командалық ойынының арқасында Республикалық ұлттық турнирге қатысуға абсолютті жеңімпаздар мен үміткерлер атанды!
Команданың орыс лигасындағы ойыны да үйлесімді болды. Пікірсайыс турнирінің осы деңгейіндегі дебютанттар Гарипов Рауль мен Скорикова Мария командада жұмыс істеу қабілетін, сындарлы диалог дағдыларын, ойлау логикасын және ақпаратты дұрыс талдай білуді, сауатты дәлелдей білді. Орыс лигасының командасы 2 жүлделі орынға ие болды! Ал Гарипов Рауль турнирдің "Үздік спикері" атанды!
Балалар мен лицейдің пікірсайыс қозғалысының жетекшілері Черненко Вадим Иванович пен Якутович Юлия Сергеевнаны жеңістерімен құттықтаймыз!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР


Хабарландыру


Сенім телефоны
