2023 жылғы 3-5 ақпанда Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде (РФММ) олимпиадалық резервтің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті.
Байқауға Ресей, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстаннан математика, физика, информатика бойынша олимпиадалық резервтің 250-ден астам мұғалімдері мен жаттықтырушылары қатысты.
Павлодар облысы білім беру басқармасының "Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі" КММ мұғалімдері байқауда сәтті өнер көрсетті. Екінші орынды информатика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Васина Светлана Геннадьевна жеңіп алды.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР


Хабарландыру


Сенім телефоны
