Логотип Наурыз
     ИННОВАЦИЯЛЫҚ
            ЖОБАЛАР
 
           4
 
            66
 
 
                       
  Қазақстан Республикасының
  
                     c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111
 
        6d4f43c33e505889325afe1be42847f0 original.177139
               Хабарландыру
                812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410 1
                   Вакансия 
                new logo
                      ББДИО
 
            Сенім телефоны
                     
 

15.2

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кубогына арналған Республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша біздің облыс қазақ және ағылшын лигаларында 2 бірінші орынды иеленді, орыс лигасында үздік 6 команданың қатарына енді.

Аталған турнир 2022 жылғы 13-14 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізілді. Турнир үш лигада өтті: қазақ, орыс және ағылшын.

Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушыларда жауапкершілік, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; Республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.

Турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен 120 үздік дебатер – облыстық турнирлердің жеңімпаздары қатысты.

Павлодар облысының атынан келесі білім беру мекемелері қатысты:

- қазақ лигасында – Екібастұз қаласының №11 және 25 мектептерінің оқушылары, «Қайнар» ББК-нің ҚДБ тәрбиеленушілері;

- орыс лигасында - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушылары;

- ағылшын лигасында-Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің оқушылары.

Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің кубогымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Павлодар облысының білім беру ұйымдарында пікірталас қозғалысы белсенді дамып келеді. Бүгінгі таңда облыстың мектептері мен колледждерінде пікірсайыс клубтарының жұмысы ұйымдастырылған (313 - мектеп клубтары, 30 - колледж дебат клубтары), онда 5,0 мыңға жуық оқушылар мен студенттер қамтылған. Бұл балалардың пікірталасқа деген үлкен қызығушылығын білдіреді.