Логотип Наурыз
     ИННОВАЦИЯЛЫҚ
            ЖОБАЛАР
 
           4
 
            66
 
 
                       
  Қазақстан Республикасының
  
                     c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111
 
        6d4f43c33e505889325afe1be42847f0 original.177139
               Хабарландыру
                812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410 1
                   Вакансия 
                new logo
                      ББДИО
 
            Сенім телефоны
                     
 

2023 03 22 003948

Жыл басында мамандандырылған мектептердің іс-тәжірибесін тарату мақсатында, сонымен бірге білім мекемелерін бітіріп кеткен халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиада мен түрлі зияткерлік сайыстарда жеңімпаз атанған түлектердің қолдауымен облыстық білім беру басқармасы steam мамандықтарына талантты жастардың қызығушылығын таныту үшін аймақтық жастар хакатондары мен кейс-чемпионаттар сериясын жүзеге асыруды жоспарлады.

Бекітілген жоспардың ішіндегі ең ірі шаралардың бірі - Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде өткізілген Павлодар облысының мектеп оқушылары арасындағы алғашқы "ХАКАТОН-2023" шарасы.

Хакатонға барлығы 54 командадан 300-ге жуық оқушы қатысып, іріктеу турының қорытындысы бойынша финалға 20 команда өтті. Аталған шараға ауыл мектептері командаларының сапалы дайындығын ерекше атап өткім келеді.

"ХАКАТОН-2023" қорытындысы бойынша доданың бас жүлдесін Железин ауданы Новомир орта мектебінің құрама қомандасы жеңіп алды, 1 орын иегері- дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің құрама қомандасы, 2 орын иегері - Павлодар қаласының №41 мектеп құрама қомандасы, 3 орын иегері - Павлодар қаласының А. Шәмкенов атындағы мектебінің құрама қомандасы жеңімпаз атанды.

Бұл бағыттағы жұмыс аяқталмайды, бірнеше бағыт бойынша кейс-чемпионаттар, сондай-ақ "Хакатон-2023" және барлық кейс-чемпионаттардың жеңімпаздары мен қатысушыларының қатысуымен бірінші ауқымды жазғы форумын өткізу жоспарлануда.