Логотип Наурыз
     ИННОВАЦИЯЛЫҚ
            ЖОБАЛАР
 
           4
 
            66
 
 
                       
  Қазақстан Республикасының
  
                     c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111
 
        6d4f43c33e505889325afe1be42847f0 original.177139
               Хабарландыру
                812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410 1
                   Вакансия 
                new logo
                      ББДИО
 
            Сенім телефоны
                     
 

2023 04 19 145527

2023 жылдың 13-19 сәуірі аралығында Порторож қаласында (Словения) қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада (EGMO) өтті. Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 240 оқушы қыз қатысты. Олимпиада қыздардың білімдері мен дағдыларының әлеуетін арттыруға көмектеседі, олардың зияткерлік белсенділікте ең жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын қолдайды. Олимпиадаға әр елден 4 қатысушыдан құралған команда қатысты. Республикалық деңгейдегі олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсеткен қыздар қатысқан іріктеу олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы командасының құрамы анықталды. Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында Павлодар облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі» КММ 10 Б сынып оқушысы Анастасия Одинцова қатысты. Анастасия 5-сыныптан бастап математикаға қатты құмар, ол халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасының (қола медаль), Халықаралық Жәутіков олимпиадасының (қола медаль), оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың, Республикалық лингвистикалық олимпиаданың жеңімпазы. Словенияда да сәтті өнер көрсеткен Одинцова А. Қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиаданың (EGM) қорытындысы бойынша Анастасия күміс медальмен марапатталды.