26 қыркүйек күні «Дарынды балаларға арналған 8 лицей - мектебі» КММ-де «.Аристон Термо» ЖШС бас директоры Филипп Коэн мырзамен кездесу өтті. Ф.Коэн лицей оқушылары алдында сөз сөйлеп, әлемдегі қазіргі заманғы көптілді үрдістерді атап өтті. Өз тәжірибесінен көптеген тілдерді меңгеру биік мансапқа, бизнес құруға, әлемді аралауға және саяхат жасауға қалай көмектесетінін көрсетті. Лицеистер француз, орыс және ағылшын тілдерінде сөз сөйлегенін қызығушылықпен тыңдады. Оқушылар да үш тілде сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Ф.Коэнге оқушылар аудиториясы ұнады, ол лицей оқушыларының жетістіктеріне тәнті болды және этнографиялық музей-кабинетке қызығушылық танытты. Мұндай кездесулер тек ой-өрісін кеңейтіп қоймай,сонымен қатар өзін көп тілді үлкен әлемде сезінуге көмектеседі. Меrci beaucoup et à plus tard!